Tlr-9, mbl1 және ltf гендерінің хламидиоз ауруына біріктірілген фенотиптік әсері

Ġylym ža̋ne bìlìm(2023)

引用 0|浏览0
暂无评分
摘要
Қазіргі уақытта мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіретін әртүрлі жұқпалы аурулардың ішінде ірі қара мал хламидиозы маңызды орын алады. Тек қана жануарлардың ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндіреді. Осы орайда ірі қара малдың бактериялық инфекцияларға төзімділігін генетикалық маркерлеу өте маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Зерттелетін Жануарлар топтарында генотиптер анықталды. Голштинн тұқымының сау жануарлар тобында генотиптердің TLR9 және MBL1 полиморфты гендеріне таралуы Харди-Вайнберг заңы бойынша теориялық күтілгенге сәйкес келетіні анықталды. Хламидиозбен ауыратын жануарлар тобында байқалған генотип жиіліктерінің теориялық тұрғыдан күтілетін Харди-Вайнберг заңынан статистикалық маңызды ауытқуы бар екендігі анықталды. TLR9-BfaI полиморфизмі бойынша TLR9-BfaIAG гетерозиготалары мен LTF-EcoRI полиморфизмі бойынша LTF-EcoRIAB гетерозиготалары санының артуы байқалады. Бұл хламидиозға төзімділіктің төмендеуімен TLR9-BfaIAG және LTF-EcoRIAB генотиптерінің ассоциациясын ұсынады. Хламидиозға төзімділіктің жоғарылауының генетикалық маркері TLR9-BfaIАА және MBL1-HaeIIICC генотиптерін шығарды. Хламидиоз ауруының жоғары қаупінің генетикалық маркері TLR9-BfaIAG және MBL1-HaeIIIТТ генотиптерін шығарды. Хламидиозға төзімділіктің генетикалық маркерлері TLR9-BfaIGG-MBL1-HaeIIITC және TLR9-BfaIGG-LTF-EcoRIAA генотиптерінің жұптасқан комбинациясы болып табылады. Хламидиоз ауруының жоғары генетикалық қаупін белгілеу жүйесіне келесі маркерлер кіреді: TLR-9-BfaIG, MBL1-HaeIIIT аллельдері, TLR-9-BfaIAG генотипі, LTF-EcoRIA аллелі, LTF-EcoRIAB-MBL1-HaeIIICC біріктірілген генотипі. Туа біткен хламидиозға төзімділікті белгілеу жүйесіне TLR9-BfaIGG-LTF-EcoRIAA және TLR9-BfaIGG-MBL1-HaeIIITC біріктірілген генотиптері сияқты генетикалық маркерлер кіреді.
更多
查看译文
关键词
HTLV-1
AI 理解论文
溯源树
样例
生成溯源树,研究论文发展脉络
Chat Paper
正在生成论文摘要